old.muslim.kz SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара өтті - Muslim.kz

SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара өтті

Кеше Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара болып өтті. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілердің балаларына және әскери оқу орнына бекітілген SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Мейірімді жүрек» тақырыбында өткен қайырымдылық мерекелік іс-шара аясында Алматы қаласының көркем өнерпаздары, бишілер ансамбліөнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік қойылым барысында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мұрат Мұтырғановтың жетекшілігімен цирк қойылымдары, «Грация», «Эльбрус» бишілер ансамблі, трансформерлер мен сусабын көбіктерін шашу шоулары ұмытылмастай әсер қалдырды. Меркелік іс-шара кереметтей жылы, көңілді, әдемі жағдайда өтті, соңынан балаларға мерекелік сыйлықтар үлестірілді.

date01.06.2018readCount1092printБасып шығару





comments powered by HyperComments