old.muslim.kz Басты актер нәсілшілдікті қоздырғаны үшін танымал телесериалды жауып тастады - Muslim.kz

Басты актер нәсілшілдікті қоздырғаны үшін танымал телесериалды жауып тастады

Басты актер нәсілшілдікті қоздырғаны үшін танымал телесериалды жауып тастады

АҚШ телеарналарында танымалдыққа ие болған «Розанна» телесериалындағы бас рөлді сомдаушы актрисаның нәсілшілдікті қоздырғаны үшін аталмыш фильмді бұғаттап тастады. Айта кетейік, жақында ғана актриса Розанна Барр өзінің Твиттер парақшасында біртүрлі» әзілдеген болатын.

«Егер «Мұсылман бауырлар» діни қозғалысы мен «Маймылдар әлемі» ғылыми-фантастикалық фильмінің балалары болған болса, онда ол бұрынғы АҚШ президентініңкеңесшісі болып қызмет атқарған афроамерикандық Валери Джарреттке ұқсаған болар еді» деп жазған еді ол жазбасында.

Оның бұл жазба ғаламтор қолданушылары нәсілшілдікке тұнып тұр деп айыптап, жазаға тартылуын талап етті. Ал, актриса өзі болса, әзілінің тым сәтті шықпағанын мойындаған болатын. Сондай-ақ, енді Твиттер желісін қолданбауға да сөз беріп бақты. Дегенмен, оның бұл мойындауы мен кешірім сұрауы жазадан қашып құтылуына әсер ете қоймады. «Розанна» телесериалын шығарушы ABC Entertainment компаниясы оны жұмыстан босатып, фильмді көрсетілімнен алып тастады.

date31.05.2018readCount981printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments