old.muslim.kz Дубай тұрғындары «неке ұзақтығы» жөнінен рекорд жасады - Muslim.kz

Дубай тұрғындары «неке ұзақтығы» жөнінен рекорд жасады

Дубай тұрғындары «неке ұзақтығы» жөнінен рекорд жасады

Дубай тұрғындары «неке ұзақтығы» бойынша рекорд жасап отыр. Өкінішке орай, олардың жұбайлық ғұмыры жарты ғасырға жалғасқан «алтын той» немесе одан да ұзаққа созылған бақытты тойлардың бірі емес. Қалыңдық пен күйеу жігіттің жолы неке қию рәсімінен 15 минут өткесін екіге айырылған.

Бұған себеп 30 мың доллар көлеміндегі калыңмал себеп болған екен. Құдалар жағы келіскендей, аталмыш соманың жартысы неке қию рәсіміне дейін төленіп, қалғаны кейін берілетін болған. Алайда, қалыңдық әкесі күйеу баласынан қалған ақшаны дәл неке қию рәсімінің үстінде талап ете бастаған.

Күйеу жігіт ақшаның көлікте екенін, сәлден соң әкеліп беретінін айтқанымен, қайынатасы талабын қайталап, дереу жеткізуін бұйыра бастаған. Жанжал тойға жиналған жандардың көзінше өткен. Ашуға булыққан жас жігіт сол жерде ажырасуға қайта арыз берген.

date31.05.2018readCount1140printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments