old.muslim.kz 565 жыл бұрын Константинополь азат етілген болатын - Muslim.kz

565 жыл бұрын Константинополь азат етілген болатын

565 жыл бұрын Константинополь азат етілген болатын

Осыдан 565 жыл бұрын мамыр айының 29-жұлдызында ІІ Мехмед сұлтан атақты Константинополь қаласын азат еткен болатын. Ал, дәл осы 30-мамыр күні Мехмед сұлтан әйгілі Айя-Софияға аяқ басып, мешітке айналдырылған ғимаратты тамашалаған болатын. Осылайша, маусым айының 1-күні Айя-София мешітінде алғашқы жұма намазы оқылған екен.

Тарихи деректерге сүйенсек, ғимаратты мешітке айналдыру жұмыстарына жергілікті тұрғындар да белсене атсалысқан. Ғимарат жанына бірден төрт мұнара тұрғызылып, Айя-София толыққанды мешітке айналған. Ұзақ жылдар бойы халықты құрсауында ұстап келген империяның залым басшыларының жәбірінен азат болған халықтың көбі осы күні Ислам дінін топ-топ болып қабылдаған көрінеді.

1935 жылы Ататүріктің пәрменімен Айя-София музейге айналдырылған болатын. Ал, 2006 жылы музей кешенінің ішінен мұсылмандардың діни рәсімдерін атқаруға кішігірім жер бөлініп берілді. Шіркеу ретінде 916 жыл қызмет жасаған Айя-Софияның мешіт ретіндегі ғұмыры 482 жылға созылған.

date30.05.2018readCount1213printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments