old.muslim.kz Рамазан құрметіне 40 тұтқынның қарызын төлеп, түрмеден босатты - Muslim.kz

Рамазан құрметіне 40 тұтқынның қарызын төлеп, түрмеден босатты

Рамазан құрметіне 40 тұтқынның қарызын төлеп, түрмеден босатты

Мәскеулік ЦСКА және Нигерия құрамасының футболшысы Ахмед Муса қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымды іс жасады. Ол Нигерияның Кано қаласындағы қарызын төлей алмағандықтан түрмеге жабылған 40 тұтқынның ақшасын қайтарып, бостандыққа шығуына көмегін тигізген.

Ол бұл қайырымдылығын жасамастан бұрын қаладағы бірнеше абақтыны аралап, түрме басшыларынан тұтқындар жайлы ақпарат алған. Содан кейін олардың қарызын төлеуге кіріскен. Айта кетейік, бұл қайырымдылық шарасына Нигерия құрамасының жартылай қорғаушысы Шеху Абдуллахи де көмектескен көрінеді.

Ахмед Муса, сондай-ақ, қаладағы мұқтаж жандарға азық-түлік пен қаржылай жәрдемдесіп, қарызға батқан төрт жасөспірімге қол ұшын созған екен.

date30.05.2018readCount1068printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments