old.muslim.kz ҚМДБ төрағасы Ресейдің Саратов облысына барды (ФОТО) - Muslim.kz

ҚМДБ төрағасы Ресейдің Саратов облысына барды (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы Ресейдің Саратов облысына барды (ФОТО)

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған ҚМДБ делегациясы Ресейдің Саратов облысына барды.

Ресми сапар аясында Серікбай қажы Ораз қазақ диаспорасы көп шоғырланған Александров-гай ауданында болды. Аудан басшысы Сергей Анатольевич пен Саратов облысы бойынша ішкі саясат және қоғаммен байланыс министрі Елена Юрьевна мәртебелі мейманға өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

«Александров-гай ауданында діни татулық пен өзара рухани келісім қалыптасқан. Тұрғындар бір-бірінің діни ұстанымдарына құрметпен қарайды. Дәстүрлі діни мерекелерді жоғары деңгейде атап өту үшін аудан әкімшілігі тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», – деді өңір басшысы С.Анатольевич.

Өз кезегінде Саратов облысы бойынша ішкі саясат және қоғаммен байланыс министрі Елена Юрьевна Бас мүфтидің ресми сапары Ресей мен Қазақстан арасындағы рухани қарым-қатынасты нығайта түсетінін атап өтті.

Өңірде 80 мыңға жуық қазақтар тұрады екен. Бас мүфти жергілікті қазақтармен кездесіп, емен-жарқын сұхбаттасты. Аудан орталығындағы мешітте болып, жамағатпен жүздесті. Халықтың бірлігі мен игілігі үшін дұға жасады.  

 
date29.05.2018readCount1004printБасып шығаруsourceLinkҚМДБ Баспасөз қызметі





comments powered by HyperComments