old.muslim.kz Бас мешіттегі ауызашар дастарханына дәрігерлер шақырылды (ФОТО) - Muslim.kz

Бас мешіттегі ауызашар дастарханына дәрігерлер шақырылды (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай басталған Бас мешіттегі ауызашар дастарханына кеше Елордамыздағы дәрігерлер қауымы шақырылды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы Бас мешіттегі ауызашар дастарханына күн сайын Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйымдар (зағиптар, құлағы естімейтіндер, мүгедек жандар, т.б.) мүшелері және ұстаздар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары арнайы шақырылып, берекелі дастархан қонағы болып келеді.

Кеше осы бастама аясында Бас мешіттегі ауызашар дастарханына Елордамыздағы ауруханаларда халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ақ халатты абзал жандар қатысып, жамағатпен бірге ауыз ашып қайтты. Жалпы саны 50-ге жуық дәрігер бас қосқан берекелі дастархан басында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин уағыз жүргізіп, айлардың сұлтаны болған Рамазан жайында маңызды мағлұматқа қанықтыра түсті. 

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date25.05.2018readCount1136printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments