old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Кеше «Ливерпуль» мен «Брайтон» футбол командалары арасында өткен Ағылшын премьер лигасында (АПЛ) мысырлық мұсылман ойыншы Мұхаммед Салах Брайтон қақпасына алғашқы голды салып, тобын жеңіске бастады. Осылайша, ол қоржынындағы гол санын 32-ге жеткізіп отыр.
Ағылшын премьер лигасының қорытындысы бойынша 2017-2018 жыл маусымында ең көп гол салған Мұхаммед Салах «алтын бутсы» жүлдесімен марапатталды.
Сонымен қатар, Мұхаммед Салах АПЛ-де осы күнге дейін Роналдо мен Суареске тиесілі болып келген 31 голды көрсеткішті бұзып, жаңа рекорд орнатып отыр.
«Алтын бутсы» жүлдесін Мұхаммед Салахқа «Ливерпульдің» өткен ғасырдағы жұлдызы Кеннет Далглиштің өзі табыстады.