old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды.
«10-мамыр күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлері бірлесе отырып, бірқатар ауданда экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 адамды ұстады» деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.