Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз мүфтият жанындағы «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында жуырда қасиетті Құранды толық жаттап шыққан жас қарилармен кездесті. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы, Ләззат атындағы медреседе өткен кездесуге ҚМДБ Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов, осы орталықтың директоры Сәдуақас қари Олжабай, Елордадағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Қалижан қажы Заңқоев қатысты.
Кездесу соңында Бас мүфти қарилар мен олардың ұстаздарына, дін жанашырларына өзінің алғыс хатын табыстап, жылы лебізін жеткізді.