Қарттар үйінде Жеңіс мерекесі тойланды (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік көмек көрсету орталығында Жеңіс мерекесінің 73 жылдық мерейтойына арналған шара болып өтті. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара барысында ардагер қарияларға құрмет көрсетіліп, «Ардагер» саяжолына соғыс ардагерлерінің атаулы көшеттері отырғызылды.

Мерекелік іс-шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, ардагер ақсақалдарымызды Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты. Қарттар үйінің ауласында өткен шара аясында Бас мешіт имамы қасиетті Құран аяттарын оқып, көпшілікпен бірге дұға жасады.

Шара аясында майдангер қариялардың жадын жаңғыртып, әскери шеру де ұйымдастырылды. Сондай-ақ, түрлі ізгі тілектер айтылып, сыйлықтар тарту етілді. Шара соңында «Ардагер» саяжолына тал отырғызу рәсімі орын алды. Айта кетейік, «Ардагер» саяжолы 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдығы және Ұлы Жеңіс мерекесінің 63 жылдығына орай ашылған болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date10.05.2018readCount506printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments