old.muslim.kz Бас мүфти Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрімен кездесті (ФОТО) - Muslim.kz

Бас мүфти Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрімен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрімен кездесті (ФОТО)

Бүгін Риядта Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрі Шейх Салих бин Абдул Әзиз бин Мухаммед Әл-Шейх Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында Министр Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың айрықша екендігін атап, осы сапардың өзі екі бауырлас елдің арасындағы ерекше қарым-қатынасты қуаттай түсетіндігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мен Корольдік арасындағы әр түрлі: мәдени және діни салалардағы ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, осы қатынастардың бүгінде нығайып, дами түскендігін атады. Сонымен қатар, Әл-Шейхті Қазақстанда өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне» қатысуға шақырды.

Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында өзара естелік-сыйлақтармен алмасты.

date04.05.2018readCount1286printБасып шығаруsourceLinkmuftyat.kz





comments powered by HyperComments