old.muslim.kz Бас мешіттің Рамазан айына дайындығы пысықталды (ФОТО) - Muslim.kz

Бас мешіттің Рамазан айына дайындығы пысықталды (ФОТО)

Бас мешіттің Рамазан айына дайындығы пысықталды (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жалпы жиналыс барысында Рамазан айы кезінде атқарылатын шаралар тізімі таныстырылып, жауапты қызметкерлер бекітілді.

Сондай-ақ, Рамазан айы бойы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілетін ауызашар шарасы талқыланды. Айта кетейік, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері Рамазан айы бойы күн сайын 500 адамға тегін ауызашар ұйымдастырып келген болатын. Биылғы жылы бұл игі шараның аясы кеңейіп, бас имам бастамасы бойынша ауызашар дастарханы 800 жанға арналып жайылатын болмақ.

Бұдан бөлек, қасиетті Рамазан айы кезіндегі мешіт қауіпсіздігі мен тазалық мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар беріліп, жамағатқа жайлылық орнату жағына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, берекелі Рамазан айында жамағатты жақсылыққа жетелеп, ізгілікке үндеу мақсатында айтылатын уағыз-насихат жұмыстары да көпшілік талқысына салынып, тақырыптары бекітілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date03.05.2018readCount1429printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments