Ердоған имам Бұхари қабірін зиярат етті

Ердоған имам Бұхари қабірін зиярат етті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Әмина Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев және оның жұбайы Зираат Мирзеевамен ислам әлеміне танымал дін ғұламасы Бахауаддин Мұхаммад ибн Бурхануддин Мұхаммал әл-Бұхари қабірін зиярат етті.

Түркия президенті Режеп Ердоған Өзбекстан астанасы Ташкентке ресми сапармен келіп, елдің тарихи-мәдени орындарын аралады. Бірінші кезекте түрік делегациясы ұлы ғұлама Бахауаддин Мұхаммад ибн Бурхануддин әл-Бұхари мавзолейіне барды. Сондай-ақ, мавзолей территориясында орналасқан медреседе болды.

Содан соң Түркия президенті Режеп Ердоған дұғалар жазылған мыс табақшалар шығаратын шеберханаға барды. Мұнда ол жұмысшылармен кездесіп, өнер туындыларымен танысты. Түрік делегациясы сапар барысында Арк қамалы мен Пои-Калян кешеніне барып қайтты.

date02.05.2018readCount745printБасып шығару





comments powered by HyperComments