Қазақстанның имамдары Әл-Азһарды тәмамдады (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің жолдамасымен барған бір топ имамдарымыз Мысыр Араб Республикасы «Әл-Азһар» университетінің имамдарға арналған бөлімін тәмамдады.

Аталмыш шараға «Әл-Азһар» университеті Ислам зерттеу орталығының төрағасы доктор Мухиддин Афафи Әл-Амин мырза арнайы қатыстып, барлық бітірушілерді құттықтап, куәлік табыс етті.

Айта кету керек, мәшһүр оқу ордасына Қазақстан мұсылмандары мүфтиятына қарасты өңірлердегі мешіттерде қызмет атқарып жүрген имамдарымыз екі ай бойы Құран, тәфсир, хадис ілімі, шариғат үкімдері және лаңкестік пен экстрезимге қарсы біліктіліктері мен білімдерін шыңдады. Осы оқу ордасы жанындағы имамдарға арналған арнайы курсқа еліміздің имамдарымен бірге ондаған мемлекеттің білікті имамдары қатысты.






comments powered by HyperComments