old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Пәкістан мемлекетінің Карачи қаласында көлемі жөнінен әлем бойынша үшінші мешіт салынатын болмақ. Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мадинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінен кейінгі үлкен құлшылық ордасында бір мезгілде 800 000 мұсылман ғибадат жасай алады.
Белгілі болғандай, құлшылық ордасының сәулеті Түркия, Иран, Кувейт және БАӘ секілді мұсылман мемлекеттерінде қолданылып келе жатқан дәстүрлі Ислам стилінде болмақ.
Мешіт ғимаратында Ислам мәдени орталығы, Ислам зерттеу орталығы және Ислам музейі мен Халықаралық университет орналасатын болады.