Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысында профилактикалық жұмыстар жүргізді (ФОТО)

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысында профилактикалық жұмыстар жүргізді (ФОТО)

Сәуір айының соңғы апталығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Ақтөбе облысында іссапармен болды. Құрамына білікті дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қамтылған Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Ақтөбе, Хромтау, Қобда және Байғанин аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жоспарлы жұмыс жүргізіп қайтты. Соның аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Топтың мүшелері ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан мен Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Мұхан Исахан облыстың Байғанин ауданданында болып, мешіт жамағатымен кездесулер өткізді, сондай-ақ радикалдық діни көзқарасты ұстанатын облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандармен жекелеген әңгімелер жүргізді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Индира Беркімбаева, Ақбөпе Тілегенова және Толғанай Мұстафиналар облыстың дін жолын ұстанатын әйел тұрғындары, оның ішінде, дәстүрлі жамағат және деструктивті діни ағымдарды ұстанатындардың арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Бекітілген кесте бойынша Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысына ағымдағы жылдың екінші жартысында қайтып баруды жоспарлап отыр.

date01.05.2018readCount498printБасып шығару





comments powered by HyperComments