old.muslim.kz «Әзірет Сұлтан» мешіті сәуір айын қайырымдылық шарасымен аяқтады (ФОТО) - Muslim.kz

«Әзірет Сұлтан» мешіті сәуір айын қайырымдылық шарасымен аяқтады (ФОТО)

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті сәуір айының соңғы күндерін қайырымдылық шарасымен өткізді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жыл басында «Мейірімділік мекені» жобасы іске қосылған болатын. Жоба аясында әр ай сайын мешіттен жәрдем сұрап келген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, азық-түлік және ақшалай қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

Бұл жолғы шара аясында Астана қаласында тұратын 10 мұқтаж отбасыға ақшалай жәрдем көрсетіліп, жалпы сомасы 140 000 теңге көлемінде қаржы үлестірілді. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Фаркат Исаұлы жиылған жамағат қолдау лебізін білдіріп, мұқтаж отбасыларға жәрдем конверттерін табыстады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date28.04.2018readCount1422printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments