old.muslim.kz Медресе жатақханасының іргетасы қаланды (ФОТО) - Muslim.kz

Медресе жатақханасының іргетасы қаланды (ФОТО)

Медресе жатақханасының іргетасы қаланды (ФОТО)

Жамбыл облыстық  «Һибатулла Тарази»  медресесінің жанынан екі қабатты жаңа кешен шәкірттер жатақханасы салынбақ. Дін жанашырларының көмек қолын созуымен жаңа нысанды көтеру ісі қолға алынды. 

Осыған орай, бүгін облыс имамы Данияр қажы Жұмабаев бастаған мешіт жамағаты жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімін өткізді. Игі істің бастамасын ақсақалдардың батасын алумен және құрбандық шалумен бастауды ниет еткен өкіл имам жиналғандарды салынғалы жатқан жаңа нысанның жобасымен таныстырды.  

Жаңа ғимарат ішінде шәкірттерге арналған жатын бөлмелер, сыныптар,  ұстаздарға арналған бөлмелер, асхана, компьютер кабинеті, кітапхана, қонақ үй бөлмесі, дәретхана мен жуынатын бөлмелер салынады деп жоспарлануда. Жаңа нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе мешіт имамдарының біліктілігін көтеретін оқулар және республикалық медреселерге шәкірт дайындау жұмыстары жүргізілмек.  

Аллаға тәкбір айтып, қуанышты хабарды бірге бөліскен мешіт жамағаты, ұстаздар мен шәкірттер  төл дініміздің өркендеп, дінге қызмет ететін шәкірттердің  көбеюіне тілектестік білдірді. Өкіл имам Құран оқып, бата жасады.  






comments powered by HyperComments