«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттеріне де Құран жарысы ұйымдастырылды (ФОТО)

Респбуликалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттеріне де бүгін Құран жарысы ұйымдастырылып, өзара үздіктерін анықтады. Кешегі қасиетті жұма күні ер шәкірттер арасында өткен сауапты сайыс бүгін бұрымдылар арасында жалғасын тауып, орамал тартқан бойжеткеннен бастап, ақжаулықты апаларымызға қасиетті Құран аяттарын қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Әдеттегідей Құран жарысы «30-пара», «Дұха сүресінен төмен» және «Фил сүресінен» аталымдарына бөлінді.

Бүгінгі таңда «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат курсында оқитын қыз-келіншектердің жалпы саны 200-дің үстінде. Солардың арасынан тәуекелге бел буып, сайысқа қатысуға 25 үміткер ниет білдірген. Қатысушылардың жаттау қабілетіне, дұрыс оқу ережелеріне баға беріп, арасынан үздігін таңдау төрелігі «Нұр Астана» Орталық мешітінің ұстазы Нұрғалиева Динара, «Ғылмани» мешітінің ұстазы Аусағатова Әлия және Ислам орталығының ұстазы Көксеген Айгүл ханымдарға жүктелді.

Әрине, жарысқа қатысқан қыз-келіншектердің қай-қайсы болмасын, өздерін жақсы қырларынан танытып, қасиеттті Құранға деген құрмет-махаббатарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Олардың арасынан бөле-жарып, жеңімпазды анықтау қазылар алқасына қиынға соқты. Қатысушылар деңгейін тәжуид, махраж, жаттау және қырағат талаптары бойынша балдық жүйемен есептей келе, төмендегі шәкірттерді жүлдеге лайық деп тапты. Жүлдегерлердің барлығына арнайы «Диплом» беріліп, ақшалай сыйлық берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға қасиетті Құран және діни кітаптары үлестіріліп, ынаталандыру сыйлықтары тарту етілді.

«30-пара» аталымы бойынша:

1-орын – Әлдебаева Индира
2-орын – Кенжеғұлова Меруерт
3-орын – Сәрсенбай Дана

«Дұха сүресінен» төмен» аталымы бойынша:

1-орын – Өтеуова Сәуле
2-орын – Битасқызы Айгүл
3-орын – Ибраева Алтын

«Фил сүресінен төмен» аталымы бойынша:

1-орын – Естемір Кәусар
2-орын – Естемір Әсел
3-орын – Шайзадинова Күләш

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date21.04.2018readCount1009printБасып шығару





comments powered by HyperComments