old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Қазіргі уақытта ел бойынша діни қызметкерлердің тізімі түзіліп, жалақы мөлшері тағайындалып жатқан көрінеді. Бұл жайында Әзірбайжан діни білім жұмыстары жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасы Мубариз Гурбанулы мәлімдеді.
Мемкомитет төрағасының айтуынша, діни қызметкерлер тізімі Рухани құндылықтар қорына ұсынылып қойылған болатын. Қазіргі уақытта басқармада аталмыш тізімі талқылану үстінде екен. «Тізім тексеріліп жатыр. Қор және Кавказ мұсылмандары басқармасы осы бағытта жұмыс жасауда. Ақылдастар алқасы да осы мәселені талқылады», – деп атап өтті ол.
Гурбанұлының айтуынша, жалақы көлемі діни қызметкерлердің дәрежесіне қарай тағайындалмақ. Дегенмен, ең жоғары жалақы имамдардікі болмақ.