old.muslim.kz Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасап шығарды - Muslim.kz

Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасап шығарды

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Александр Шерцер эко-туризмді дамытудың жаңа жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Информатика пәнінің оқытушысы, робот техникасы бойынша Қазақстан құрамасының бапкері Александр Шерцер жақында Қостанайда өткен робот техникасы фестивалінде өзі жасаған «ақылды» киіз үйін таныстырды. Ол кәдімгі қазақы киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынған. Тіпті, қазіргі уақытта бағдарламаны облыс орталығынан алыс аудандарға жүргізудің жоспары дайын тұр. Мұндағы басты ерекшелік - киіз үйге кіріктірілген күн батареялары бұлтты күні де, қыс мезгілінде де жұмыс істей береді. Қаржы мәселесі шешілсе, жаңа жобаны әрі қарай өрістетуге болады дейді ол.  

ÒоÑÑанайлÑÒ Ð¼Ò±ÒалÑм «аÒÑлдÑ» киÑз үй жаÑадÑ

«Ақылды» киіз үйдің алғашқы нұсқасы дайын. Мұны жасауға аз уақыт кеткен жоқ. Алдымен, киіз үйге күн батареялары орнатылады. Сол арқылы киіз үйге электр желісі тартылады. Ал, тоқ күшін ұялы телефондағы Bluetooth қондырғы арқылы азайтып-көбейтуге болады. Мұның бәрі компьютер «тілінде» Arduino IDE (C++), AppInventor деп аталатын бағдарламалар арқылы жасалды. Киіз үйді мобильді қосымшаға кіріп, басқаруға болады. Оның «ақылды» есігі бар. Ол арнайы датчиктер арқылы ашылады», - деп түсіндірді туынды авторы.

Мұғалімнің сөзінше, бұл киіз үйлерді Науырзым қорығына қойып, облыс эко-туризмінің дамуына үлес қосуға болады. Айтпақшы, А. Шерцер бірер жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «ақылды» бас киімнің үлгісін жасаған болатын. Қазір бұл бұйым қолдануға әзір. Көзі нашар көретіндер «ақылды» бас киім арқылы алдында кездесер кедергілерді біліп отырады. Бас киімдегі арнайы тетіктер белгілі бір қашықтықта дабыл белгісін береді.

ÒоÑÑанайлÑÒ Ð¼Ò±ÒалÑм «аÒÑлдÑ» киÑз үй жаÑадÑ

Александрдың қамкөңіл жандарға ұсынған көмегі тек бұл емес. Ол жақында оқушыларымен бірігіп, мүгедектер арбасын жүргізетін «ақылды» робот ойлап тапқан. Роботтың бір артықшылығы - сөйлей алмайтын жандардың ымдағанын сол сәтінде арнайы мониторға жазып алады. «Ақылды» роботты кез келген қалта телефонымен басқаруға болады.

«Құрылғыға жан бітіру үшін бір жыл уақытымызды сарп еттік. Еңбектеріміз еш кетпеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған роботты жасау туралы идеяны оқушыларым Айдос пен Нұржан айтқан болатын. Сөйтіп, сауапты іске бірге кірістік. «Ақылды» досымыз мүгедектер арбасын жүргізіп ғана қоймайды, жолында кедергілер кездессе, дыбыстап белгі береді. Сол арқылы бөгеттерді айналып өтеді. «Ақылды кешеннің құжаттары таяу арада толығымен рәсімделеді. Сосын әлеуметтік жобалар шеңберінде мұны облыс көлемінде өндіріске енгізуге де болады», - дейді Александр Шерцер. «Ақылды» роботты қолданысқа енгізу көп қаражатты қажет етпейді.

ÒоÑÑанайлÑÒ Ð¼Ò±ÒалÑм «аÒÑлдÑ» киÑз үй жаÑадÑ

Жалпы, соңғы жылдары В.Шерцер даярлаған оқушылар облыстық білім бәсекесіне 33 цифрлы жоба ұсынса, соның 22-сі жүлделі орындарды иеленген. Александр Шерцер робот техникасы бағытындағы жетістікері үшін халықаралық «Үздік адамдар» энциклопедиясына кірді. Сондай-ақ, ол былтыр информатикадан өткен республикалық олимпиадада бас жүлдеге ие болды.  

«Бір білерім, қандай жетістікке жетсем де, отанымның қамқорлығының арқасында іске асты. Менің әкем - неміс, анам - орыс ұлтынан. Қазір Германияда тұрады. Ал өзім - Қазақстан азаматымын. Елдегі мұғалімдер қауымдастығының бір бөлшегі болғаныма мақтанамын. Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жариялаған кезден-ақ, әлемдік бәсекелестікке дайын екенімізді білдім. Өйткені, біз қазірдің өзінде едәуір белестерді бағындырдық. Мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Педагог ретінде шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге уәде беремін», - дейді Александр Шерцер.  

ÒоÑÑанайлÑÒ Ð¼Ò±ÒалÑм «аÒÑлдÑ» киÑз үй жаÑадÑ

Айта кету керек, Александр Шерцер жуырда өзінің «EWA (Environment with Application)» деп аталатын жобасын таныстырады. Бұл жоба кен өндіру саласында қолданылмақ. «Арнайы құрылғы ағзаға зиянды газдардың мөлшерін анықтап береді», - дейді мұғалім.

date21.04.2018readCount856printБасып шығаруsourceLinkҚазақпарат





comments powered by HyperComments