old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Башқұртстанның Илишев ауданында орын алған мешіт ұрлығы тез арада беті ашылып, садақа жәшігін жымқырған күдікті ұсталды. Мешіт ғимаратының терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігін көтеріп кеткен ұрыны құрықтауға полиция қызметкерлеріне із кесуге дағдыландырылған ит көмектесті.
Мамандар Еляға (иттің аты) садақа салынған жәшікті иіскеткені сол-ақ екен, иісшіл ит тәртіп сақшыларын ауыл сыртындағы тастанды ғимараттардың біріне бастап апарған. Ғимарат ішінен сол ауылдың тұрғыны, 27 жастағы жігіт қашып шықпақ болғанымен, қолға түскен. Оның қалтасынан 20 мың рубль көлемінде қаржы тәркіленген.
Қолға түскен ұрыны өз кінәсін мойындап, өзінің бұл қадамға араққа ақша таппағандықтан барғанын айтқан. Ащы су алуға ақшасы болмаған ол мешіттен жымқырып кетуді жоспарлаған.
Ұрланған қаржы түгелдей құлшылық ордасына қайтарылып, қазіргі уақытта аталмыш ұрлық бойынша іс қозғалды.