old.muslim.kz Түркияда төтенше жағдай режимі жетінші рет ұзартылды - Muslim.kz

Түркияда төтенше жағдай режимі жетінші рет ұзартылды

Түркияда төтенше жағдай режимі жетінші рет ұзартылды

Түркия билігі елдегі төтенше жағдай режимін жетінші рет ұзартып отыр. Бұл жайында вице-премьер Бекир Боздаганың Анадолы агенттігіне берген мәлімдемесінде айтылған. Агенттіктің хабарлауынша, режимді ұзарту жайлы ұсынысты Парламентке Үкімет жолдаған екен.

Айта кетейік, Түркия еліндегі төтенше жағдай режимі 2016 жылдың шілде айынан бастап енгізілген болатын. Мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған шабуыл барысында 250 адам қаза тауып, жүздгене жан жараланған еді. Содан бері төңкеріс жасауға қатысты тергеу жұмыстарының нәтижесінде 50 000 мыңнан астам адам тұтқындалып, жұмыстан қуылған.

date19.04.2018readCount882printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments