old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Египет елінің бас мүфтиі Шауки Аллям әлеуметтік желілерде «жалған лайк» жинауға қатысты пәтуасын айтып, тыйым салынған істердің қатарынан екендігін жеткізді. Айта кетейік, арнайы бағдарламалар арқылы соңғы кездері әлеуметтік желілерде қойылатын «лайк» санын арттырып, сайт беттеріндегі қаралым көрсеткішін көбейтіп көрсетуге мүмкіндік пайда болған еді.
Мысыр мүфтиі өзінен бір кісінің осы әдісті жайлы сұрағаннан кейін, ғаламтор әлеміндегі бұл келеңсіздік жайлы көпшіліктің білгенін дұрыс санап, жария мәлімдеген екен. «Жалған лайктар» ғаламтор қолданушыларына өтірік танымалдық жол жасап, адасуға апаратынын айтқан.
Шауки Аллям сөз соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Бізді алдағандар бізден емес» деген хадисін алға тартып, жауабын бекіте түсті.