old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қайнар ауылында белгісіз біреу құлшылық ордасының астаң-кестеңін шығарып кеткен. Бұл жайында КТК телеарнасы хабар таратты. Телеарна тілшісі әлеуметтік желіде таралған видеомен бөлісіп, мәсәленің мән-жайын анықтауға тырысқан.
«Бейнекөрініс әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Түсірген адамның айтуынша, басбұзар қасиетті ғимаратты әбден қорлаған. Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды «аяққа таптады» деген күдік бар», - деп хабарлайды тілші.
Анықталғандай, осы бұзақылыққа барған күнәһар сол Қайнар ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталған 43 жастағы азамат өзінің мас болғанын айтып ақталған. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынған.