old.muslim.kz Бас мүфти Атырау Орталық мешітінде уағыз айтты (ФОТО) - Muslim.kz

Бас мүфти Атырау Орталық мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Бас мүфти Атырау Орталық мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облыстық орталық мешітінде уағыз айтып, жұма намазын жүргізді. Еліміз бойынша осы жұма уағызы "Исра және Миғраж оқиғасы" тақырыбына арналған болатын.


"Қасиетті Миғраж түнінде бізге намаз парыз етілді. Намаз - жамандықтан сақтайтын, жәннатқа жетелейтін ұлы құлшылық. Адам намаз арқылы бейәдеп әрекетінен арылып, көркем мінезге ие болады. Өйткені, Аллаға құлшылық еткен пенденің өмірі жақсылыққа қарай түзеледі. Пенденің тұлабойынан ізгі қасиеттер көрініс тапса, демек оның намазы қабыл бола бастады деген сөз. Алла Тағала баршамызды намазы қабыл болған пенделерінің қатарына қосқай", - деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Жұма намазынан кейін елдің игілігі үшін бата жасалды.

 
date14.04.2018readCount1002printБасып шығаруsourceLinkҚМДБ Баспасөз қызметі





comments powered by HyperComments