old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Солтүстік Кавказ аймағында тұратын қос қария Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген көрсеткішті жоққа шығарып отыр. Айта кетейік, жақында ғана Гинеестік рекордтар кітабының сайтында 112 жасқа толған жапондық Масадзо Нонака есімді қария әлемнің ең жасы үлкен тұрғыны ретінде тіркеген болатын.
Алайда, Ингушетия республикасының Джейрах ауданындағы Гули ауылында тұратын Аппаз Илиевтің одан бақандай 10 жасқа үлкен екендігі анықталып отыр. Наурыз айының 1-жұлдызында қария өзінің 122 жасқа толғанын атап өткен екен. Қазіргі уақытта ақсақалдың 8 баласы, 33 немересі және 34 шөбересі бар көрінеді.
Ал, Кабардино-Балкария ауданындағы Заюково елдімекенінің тұрғыны Нану Шаова есімді әжейдің жасы 127-ге келген екен. Кабардино-Балкария республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрлігі Шаованың республикадағы ең егде зейнеткер екенін айтып әзілдейді екен.