old.muslim.kz 162 мың босқын Сирияға қайта оралды - Muslim.kz

162 мың босқын Сирияға қайта оралды

162 мың босқын Сирияға қайта оралды

Түркия Қарулы күштерінің Сирия жерінде жүргізген «Ефрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялары нәтижесінде лаңкестерден азат етілген аудандарға қайта жандана бастады. Түркия Ішкі істер министрлігіне қарасты Миграция істері басқармасының төрағасы Абдуллах Аяз мәлімдеуінше, туған отанына 162 мың босқын қайта оралған.

Абдуллах Аяздың айтуынша, қазіргі уақытта Түркия аумағында 3 млн 567 мың сириялық тұрып жатқан көрінеді. Олардың көпшілігі туған жерлеріне қайта оралуды көксегендіктен, лңкестер құрсауынан азат етілген жерлерге қоныстанушылар қатары күн санап көбейіп келеді.

«Біз Афринге қайта оралғысы келетінін сириялық босқындар тізімін құрадық. Біз олардың әрқайсысымен жекелеген көңіл бөліп, қолдау көрсетіп келеміз», – дейді ол.

date13.04.2018readCount878printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments