old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Тәжікстанның Соғды облыстық сотында бір отбасының жеті мүшесіне қатысты іс қаралып жатыр. Оларға қарсы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қосылмақ болды деген айып тағылып отыр.
Айыпталушылардың ішінде 70 жастағы әже, 44 жастағы ұлы, келіні, қызы және күйеу баласы бар. Олардың бәрі былтыр Түркия-Сирия шекарасында ұсталған. Сот отырысы Худжанд қаласында жабық есік жағдайында сейсенбі күні басталған болатын.
Тергеу ісіндегі дереккөз мәліметінше, бір отбасының жеті бірдей мүшесі сотталып жатыр. Отбасының екі мүшесі - бірі кәмелеттік жасқа толмауынан, екіншісі психикалық ауруына байланысты сотқа тартылмаған.
«Бір отбасында барлығы 29 адам болған. Олар Сирияға үш шағын автобуспен шыққан. Екі автобус Түркия-Сирия шекарасынан өтіп кеткен. 9 адамы бар үшінші автобус ұсталып қалған. Оларды жыл басында Тәжікстанға қайтарған», – дейді дереккөз.
Тәжікстан билігі әзірге айыпталушылардың аты-жөнін атамайды. Сот отырысының алғашқы күні олар Сирияға «жиһадқа» бармақ болғанын мойындаған. Олар туған жерінде билік діни құқықтарынан айырды деген. Бір әйел Исфар базарында милиция қызметкері өзін хиджаб кигені үшін ұстағанын айтқан.
Белгілі болғандай, былтыр наурыз айында барлығы 29 адам алдымен Қазақстанға кеткен, ол жерден Түркияға ұшқан. Исфарда тек 70 жастағы әженің бір қызы ғана қалған.