old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Бас мүфти Серікбай Ораздың биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының өкілі Бакирова Арайдың ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған тағылымды шара өтті.
Әйел жамағаты жиылған рухани шарада ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы қатысып, тұщымды уағыз айтты. Қазіргі таңда әйелдер заманның ағымынан қалыс қалмас үшін жан-жақты білімді әрі парасатты болу керектігін түрлі мысалдармен келтірді. Ең бастысы мұсылман әйел кішіпейіл, мейірімді, білімді, отансүйгіш, бауырмал т.б. асыл қасиеттерді бойына сіңіре білу керектігіне баса назар аударды. Одан әрі ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай уағыз насихат айтты. Тағылымды шара соңы сұрақ-жауапқа ұласты.