old.muslim.kz Қызылордалық кәсіпкер өз ауылына 13 мың жеміс ағашын отырғызды - Muslim.kz

Қызылордалық кәсіпкер өз ауылына 13 мың жеміс ағашын отырғызды

Қызылордалық кәсіпкер өз ауылына 13 мың жеміс ағашын отырғызды

Қызылордалық кәсіпкер Еркін Бекжанов 20 миллион теңгеге демеушілік жасап, туған ауылына алма ағаштарын отырғызуды қолға алды.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Т.Жүргенов ауылының тумасы Еркін Бекжановтың туған жеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін осылай көрсетуді жөн санаған.

«Қазіргі таңда 13 мыңға жуық жеміс ағашын әкелдім. Сол арқылы туған ауылымның тұрғындарына жұмыс көзін де тауып бергім келіп отыр. Алдағы уақытта алма ағаштары ауыл тұрғындарының игілігіне жарайтын бау-бақшаға айналса деген ойым бар. Біз еккен ағаштар ертең балаларға сая болады», – дейді «Құрманбай ата» шаруа қожалығының иесі Е.Бекжанов.

date11.04.2018readCount944printБасып шығару





comments powered by HyperComments