old.muslim.kz «Ислам. Иман. Отбасы» атты республикалық жыр бәйгесі жарияланды - Muslim.kz

«Ислам. Иман. Отбасы» атты республикалық жыр бәйгесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі 2018-«Ислам және отбасы» жылы аясында жас ақындар арасында «ИСЛАМ. ИМАН. ОТБАСЫ» атты республикалық жыр бәйгесін жариялайды.

Мүшәйраға 18-ден 35 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Жыр бәйгесіне Ислам, отбасы, имандылық тақырыбында 1 өлең, еркін тақырыпта (Отан, Тәуелсіздік, туған жер, ұлы тұлғалар туралы) 1 өлең ұсынуы керек. Жолданған өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт. Өлеңдер 14 қаріп түрімен 1.5 аралықта терілген, 3 беттен аспауы керек. Талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайтынын ескертеміз.

Өлеңдер 2018 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады. Мүшәйраны белгілі ақын, жазушылар сараптап, бағалап қорытындысын жария етеді. Әділқазылардың шешімі қайта қарауға жатпайды.

Жүлде қоры:

Бас жүлде  200.000 теңге

1-орын 150.000 теңге

2-орын 100.000 теңге

3-орын 80.000 теңге

Ынталандыру, арнаулы жүлделер бірнешеу.

Өлеңдер mushayra2018@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Ақындардың аты-жөні, байланыс телефоны, мекен-жайы көрсетілуі керек. Жыр сайысы Рамазан айында қорытындыланып, жүлдегерлерді марапаттау шарасы Өскемен қаласында өтеді. Марапаттау күні жүлдегерлерге қосымша хабарланады.

 

Ескерту: Жүлдегерлердің Өскемен қаласына келіп-кетуі өз тарапынан, ал Өскемен қаласындағы жатын орны, ас-суын ұйымдастырушы тарап қамтамасыз етеді.

Байланыс телефоны: 8 708 900 53 84






comments powered by HyperComments