old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Қарағанды облысының ауылдарында заңсыз діни дәріс жүргізген ер азамат сот алдында жауап берді. Бұл туралы Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Заңсыз әрекет ауданға қарасты Борлыбұлақ ауылында жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында анықталды. Іс Қарқаралы аудандық сотында қаралып, заңсыз діни дәріс өткізген азамат «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңды бұзу – діни рәсімдерді, шаралар мен жиындарды өткізу талаптарын бұзу» бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Айыпталушы азамат сот залында өз кінәсін мойындады. Сот жеңілдетілген мән-жайды қарастырып, айыппұл көлемін 30%-ға қысқартты, нәтижесінде айыпталушы 84 мың теңге шамасында айыппұл төлеуге міндеттелді. Қаулы заңдық күшіне енді.