old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша жалпы жиналыс болып өтті. Еліміздің Бас мешітіндегі өрт қауіпсіздігіне жауапты «Валенсия» компаниясының өкілдері жиналыс аясында мешіт қызметкерлеріне жалпы ережелерді түсіндіріп өтіп, апатты оқиға орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігімен таныстырды.
Компания өкілдері жиналыс аясында көрнекілік құралдарын пайдаланып, төтенше жағдай кезінде атқарылатын әрекеттер тізбегін нақты мысалдармен жеткізді. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беріп, өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану нұсқаулықтарымен таныстырды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!