old.muslim.kz Елімізде жұмыссыздық деңгейі қандай? - Muslim.kz

Елімізде жұмыссыздық деңгейі қандай?

Елімізде жұмыссыздық деңгейі қандай?

2017 жылдың төртінші тоқсандығының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі Қазақстанның 16 өңірінің жетеуінде біршама төмендеген.

Жұмыссыздықпен күресуде ең үздік нәтиже көрсеткен – Қарағанды облысы. Бір жыл ішінде – 2017 жылдың төртінші тоқсандығының қорытындысы бойынша – жұмыссыздар саны 7%-ға төмендеген, яғни 32,2 мың адамға дейін қысқарыпты.

Сонымен бірге, үздіктер қатарында – Қостанай облысы. Бұл жерде жұмыссыздар саны 5%-ға, яғни 24,5 мың адамға дейін қысқарыпты. Үштік қатарына Ақмола облысы да кіреді – жұмыссыздық көлемінің қысқаруы 2,8%, жұмыссыздар саны 20,6 мың адам болды.

Бір қызығы, Елордамыз, керісінше, осы проблеманы жоюда сәтсіздікке ұшырап, жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 6,8%-ға артып, 23,8 мың адамға жеткен. 

Жалпы, Қазақстан бойынша жұмыссыз адамдар саны өткен жыл ішінде 0,4%-ға қысқарды.

date09.04.2018readCount828printБасып шығаруsourceLinksputniknews.kz





comments powered by HyperComments