Бас мешіт қызметкерлеріне Бас мүфти «Алғыс хаты» табысталды (ФОТО)

Үстіміздегі жылдың сәуір айында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Еуразия мұсылман ғұламалары Елорда төрінде бас қосып, халықаралық деңгейдегі айтулы форум өткізілген болатын. Ел тарихында ерекше орын алған айтулы оқиғаның ойдағыдай өтуіне еліміздің дін қызметкерлері айрықша үлес қосқаны белгілі. Айтулы шараға, әсіресе, Астана қаласының дін қызметкерлері аяғынан тік тұрып қызмет жасады десе де болғандай.

Осыған орай, Еуразия мұсылман ғұламалары форумын өткізуге атсалысқан республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлеріне кеше Бас мүфти Серікбай қажы Ораз атынан арнайы «Алғыс хат» табысталды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы форум аясында атқарған жұмыстары үшін қызметкерлерге қолдау лебізін білдіріп, Бас мүфти «Алғыс хатын» табыс етті.

Атап айтқанда, Еуразия мұсылман ғұламалары форумын өткізуге еңбек сіңірген республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Қуат Ерғалиұлы мен Марат Бектазинов, «Хикмет» телерадиостудиясының редакторы Ерболат Сапаров және «Зекет» қорының Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Ибрагим Сматаевтар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

date30.03.2018readCount776printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments