Бельгияда никаб киюге тыйым салатын заң күшіне енді

Бельгияда никаб киюге тыйым салатын заң күшіне енді

Бельгияда бетті біржола немесе көп бөлігін жауып тұратын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салатын заң күшіне енді. Мұндай киімдердің қатарына паранжа, никаб пен бурка жатқызылған.

Енді осы заң талабын бұзған адам темір торға тоғытылып, 7 күн бойы түрмеде отырады. Бұл аз дегендей, 137 евро көлемінде айыппұл төлейді.

Депуттар аталған құжатты бірауыздан қабылдаған.

Бельгияның қоғамдық ұйымдарының мәліметі бойынша, бұл елде паранжа киетін әйелдер саны 300-ге де жетпейді екен. Заң шығарушылардың пайымынша, әйел затының бетін толық тұмшалап алуы қазіргі заманғы Бельгия қоғамына қайшы көрінеді.

Осылайша, Бельгия осындай құжат қабылдаған екінші еуропалық ел атанды. Бұған дейін мұндай қадамды Франция жасаған болатын. Ал, қазір осындай заң жобалары Испания мен Нидерландыда талқыланып жатыр.

date24.07.2012readCount3510printБасып шығару





comments powered by HyperComments