Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (ФОТО)

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті бүгін «Мейірімділік мекені» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік түрінде көмек көрсетіп, қайырымдылық шарасын өткізді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ережеп айының басталуына сәйкес және ұлтымыздың ұлық мерекесі – Наурыз мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоры үлестірілді.

Мереке қарсаңында мейірімділікті ту еткен шара барысында мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік түрлері, көкөніс пен жеміс-жидек, тәтті тағамдар толтырылған сөмкелер тарту етілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date20.03.2018readCount690printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments