Мьянмадағы мұсылмандарды жаппай қыру тоқтатылсын!

Мьянмадағы мұсылмандарды жаппай қыру тоқтатылсын!

Мьянмадағы мұсылмандарды қыру тоқтатылсын! Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы Мысырда осы елдің президенті Мұхаммед Мурсимен кездесуінде осындай талап қойды.

Мьянмада тұратын мүміндерге көмек беру үшін ИЫҰ халықаралық гуманитарлық ұйымдардан Мьянма билігіне қысым жасау туралы хат жолдаған.

Мьянма үкіметі мұсылмандарды Бангладештен келген заңсыз мигранттар ретінде қарастырып, азаматтықтан айырып, қудалауда.

Қазір сырттан келгендер шекара әкімшілігінің қарауында. Дегенмен, шетелдік мұсылмандарды зорлау, бопсалау және күштеп жұмыс істеткізу оқиғалары жиілеп кеткен.

Халықаралық Amnesty International ұйымы бұл мұсылмандардың Рохинья қауымына жататынын алға тартады. Олар оңтүстік-шығыс азия тегінен тарайтын, негізінен Мьянманың батысында тұратын мұсылмандар. Әр түрлі болжам бойынша, рохиньялықтардың жалпы саны 800 мыңнан 1 жарым миллион адамға жетіп қалады.

Мамыр-маусым айларында Мьянмадағы қантөгістен 78 мұсылман көз жұмған. 10-маусымда осы елдің үкіметі төтенше жағдай жариялаған болатын.

Халықаралық Amnesty International ұйымы мұсылмандардың өліміне жергілікті билік пен буддашыларды айыптап отыр.

date24.07.2012readCount3154printБасып шығару





comments powered by HyperComments