Google компаниясы қасиетті Рамазанға қатысты бірнеше қызықты тарту жасады

Google компаниясы қасиетті Рамазанға қатысты бірнеше қызықты тарту жасады

Google компаниясы қасиетті Рамазанға қатысты бірнеше қызықты тарту жасады. Енді, төрткүл дүниедегі мұсылмандар Google-дің көмегімен Меккедегі жамағат намаздарын тікелей көре алады.

Бұл туралы Google компаниясының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бөлімшесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Маха Абуеленен өз блогында жария етті.

Осы мақсатта компания арнайы YouTube арнасын ашқан.

Бұдан басқа, Google компаниясы YouTube Ramadan жаңа арнасын да ұсынып отыр. Жаңа канал арқылы оразаға қатысты телебағдарламалар көрсетіледі. Хабарлардың жалпы саны 50-ден асады.

Сонымен бірге, компания ауызашар дәстүріне арнап әлемдегі танымал шеф-аспаздармен кездесулер ұйымдастырады. Тамақ шеберлері сүйікті мәзірлерімен, ас дайындау тәсілдерімен бөліседі. Хабарларға дәрігерлер де шақырылады. Ақ халатты абзал жандар дұрыс тамақтану жолдарын әңгімелейді. Мұндай жүздесулер 30 күн бойы өткізіледі.

Сондай-ақ, әртістер, ғалымдар, ақындар да эфирге шығады. Олар қасиетті Рамазанға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, көрермендердің сұрақтарына жауап береді.

date24.07.2012readCount3072printБасып шығару





comments powered by HyperComments