Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде белгілі теолог, имам Шәміл Аляутдиновты өз өтініші бойынша қабылдады.
Мәртебелі мейман Серікбай Сатыбалдыұлын жауапты қызметімен құттықтап, тілеулестік ниетін жеткізді.
Кездесуде дін қайраткерлері қазіргі мұсылман әлемінде орын алған діни ахуал туралы ойларымен бөлісіп, түйткілді мәселелердің шешімі жайлы пікір алмасты.
Бас мүфти қонаққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін І Еуразия мұсылман ғұламалары форумы туралы әңгімелеп берді. Мейман өз кезегінде мүфтияттың осынау ауқымды бастамасына қызығушылық танытып, игі жобаның жоғары деңгейде өтуіне ниет білдірді.