Бас имам мешіт шәкірттеріне уағыз жүргізді (ФОТО)

Бас имам мешіт шәкірттеріне уағыз жүргізді (ФОТО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қалыптасқан үрдіс бойынша өткізілетін жексенбілік уағыз бұл жолы мұсылман жанның шынайы бейнесі тақырыбына арналды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізген уағыз тақырыбының тартымдылығынан да болар, жиналған жамағаттың қарасы қалың болды.

«Құрандағы мүміндер сипаты» тақырыбында ой толғаған Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт шәкірттеріне өмірлік өнеге боларлық өсиет айтып, қасиетті Құран аяттары арқылы ақиқатқа жетелей түсті. Бір Аллаға бойұсынған мұсылман жанның күнделікті іс-әрекеті мен қоғамдағы орны, жанұядағы жұбайлық міндеті мен құқықтары қандай? Жалпы мұсылманның мінез-құлқы, өзге жандармен қарым-қатынасы қандай болуы тиіс? Осы сұрақтар төңірегінде тағылымды уағыз өрбіткен Наурызбай қажы Тағанұлының әрбір сөзі құмға сіңген судай болып шәкірттеріне санасына құйыла түсті.

Уағыз сағатының соңы әдеттегідей шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға ұласып, тұщымды жауаптармен жалғасты. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі үрдіс бойынша уағыз соңынан шәкірттерге дастархан жайылып, ыстық тамақ берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date29.01.2018readCount1267printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments