«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты емтихан тапсырды (ФОТО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі орыс тілді әйелдер жамағаты ұстаз Әлия Өмірбекованың ұйымдастыруымен емтихан тапсырды.

Айта кетсек, өткен жылы құлшылық ордасында орыс тілді сауат ашу курсы ашылған болатын. Содан бастап ол өз жұмысын жалғастырып келеді. Қазір мұнда 120-ға жуық әйел кісі тәлім алады.

Діни сауат ашу курсы әр алты ай сайын емтихан тапсырады. Міне, бұл жолы да алған білімдерін сарапқа салу мақсатында арнайы емтихан ұйымдастырылып отыр.

Тестілеу жұмысы біткен соң, жамағатқа арнайы дастархан жайылып, Әлия ұстаз «Діндегі жеңілдік» тақырыбында уағыз айтты.

 Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date25.12.2017readCount1277printБасып шығару





comments powered by HyperComments