Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымымен жиналыс өткізді (ФОТО)

Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымымен жиналыс өткізді (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің барлық қызметкерлеріне арналған жалпы жиналыс болып өтті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлының бұйрығымен жақында ғана «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы болып тағайындалған Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт ұжымымен танысып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігіне қанықты.

Жиналыс барысында Бас мешітте қалыптасқан жұмыс үрдісі, қызметкерлердің қарым-қабілеті мен негізгі міндеттемелері жайлы айтылып, жалпы сипаттама берілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы, сондай-ақ,  құлшылық ғимаратындағы діни дүкендер мен хижама орталығы, «Мумтаз» мейрамханасының қожайындарын да таныстырып өтіп, екі арадағы келісім жайында түсіндіріп өтті.

Мешіт ұжымымен жақынырақ танысып, құлшылық ордасы жайлы мағлұматқа қаныққан Наурызбай Тағанұлы өз кезегінде ізгі тілегін білдіріп, алғысын жеткізді. Алла қалауымен еліміздің Бас мешітінің басшылығына тағайындалғанына шүкіршілігін жеткізіп, алдағы уақытта жұмыс қарқынын жоғарылатып, бірлік пен ынтымағы жарасқан қалыпта қызмет атқаруға шақырды.

Сондай-ақ, Наурызбай Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешіті еліміздің рухани бас ордасы екендігін баса айтып, құлшылық ордасындағы тазалық, қауіпсіздік мәселелері төңірегінде ой талқылады. Мешіт қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, өзінің де өтініш-талаптарын жеткізді. Жиналыс соңы жамағат болып Жаратқаннан еліміздің амандығын, жеріміздің тыныштығын, Дініміздің дамуын тілеген Наурызбай қажы Тағанұлының ақ батасымен аяқталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date21.12.2017readCount2253printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments