Колорадо кинотеатрында 12 көрерменді атқан қылмыскердің лаңкестік ұйымдарға еш қатысы жоқтығы анықталды

Колорадо кинотеатрында 12 көрерменді атқан қылмыскердің лаңкестік ұйымдарға еш қатысы жоқтығы анықталды

АҚШ құқық қорғау орындары Колорадо кинотеатрында 12 көрерменді атып тастаған қылмыскердің ешқандай лаңкестік ұйыммен байланысы жоқтығын анықтаған. Бүл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карни мәлімдеді.

Карни: «Бұл сұмдық оқиға федеральды және жергілікті деңгейде тергеліп жатыр. Бірақ, қаныпезер мен лаңкестік ұйымдар арасында байланыс жоқтығы белгілі болып отыр» деді.

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға өткен жұма күні Бэтмен туралы жаңа фильмнің алғашқы көрсетілімінде болған еді. Бетіне газтұтқыш киіп алған қылмыскер көрермен залына қосалқы есіктен кіріп, көз жасаурататын газ шашқан. Сосын, киноның қызығына батып, алаңсыз отырғандарға оқ жаудырған.

Күдікті сол жерде қолға түсті. Ол 24 жастағы Джеймс Холмс деген жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның қолынан 12 адам көз жұмып, 59-ы жарақат алды. Қазір 11 адамның халі мүшкіл көрінеді.

Президент Барак Обама қанды оқиға болған Аврора қаласына ұшып келіп, қаза тапқандардың отбасымен кездесіп, көңіл айтты.

date23.07.2012readCount2671printБасып шығару





comments powered by HyperComments