Ауғанстан қазба байлықтары бойынша екінші Сауд Арабиясына айналуы мүмкін

Ауғанстан қазба байлықтары бойынша екінші Сауд Арабиясына айналуы мүмкін

Ауғанстан қазба байлықтары бойынша екінші Сауд Арабиясына айналуы мүмкін. Мұндай болжам АҚШ жүргізген зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болып отыр.

Пентагон АҚШ Геология қызметіне кен орындарын картаға түсіру үшін әскери тікұшақтар бөлген. Нәтижесінде, 24 аумақ ерекше назарға ілікті. Олардан мұнай, газ, алтын, мыс, темір, кобальт және өте сирек материал литийдің аса мол қоры табылған. Литий ноутбуктер мен ұялы телефондардың аккумуляторларын өндіруде қолданылатын басты шикізат.

Зерттеу жұмыстары 15 шақырым биіктікте 43 күн бойы жүргізілді. Жоба АҚШ қорғаныс министрілімен және ауғандықтардың өз қаражатымен қаржыландырылды.

Ауғанстандағы әзірге анықталған табиғи байлық 1 триллион долларға бағаланып отыр.

Соңғы жылдары Ауғанстанның жер асты байлықтары халықаралық сауда-саттықтың қызу нысанына айналған. Қытай мыс пен мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған тендерді ұтса, Үндістандық компаниялар темір өндіруге мүмкіндік алды.

 

date23.07.2012readCount5421printБасып шығару





comments powered by HyperComments