Араб елдері лигасы Башар Асадты тағынан түсуге шақырды

Араб елдері лигасы Башар Асадты тағынан түсуге шақырды

Араб елдері лигасы Сирия президенті Башар Асадты орнынан кетуге шақырды. Мұндай мәлімдеме Катар астанасы Дохада өткен араб елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жасалды.

Бұл талапты Лигаға мүше бір мемлекеттен басқасы қолдапты. Қарсы болған бұл елдің аты аталмай отыр.

Сонымен бірге жиын барысында Сирия оппозициясына Уақытша ұлттық кеңес құру ұсынылған. Бұдан басқа, Сириядан қашып жатқан босқындарға 100 миллион доллар беру туралы шешім қабылданды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияда өткен жылдың наурызында басталған қырғыннан қаза тапқандар саны 19 мың адамға жеткен.

date23.07.2012readCount4833printБасып шығару





comments powered by HyperComments