Сауд Арабиясында әйелдерге темекі тартатын күйеулерімен ажырасуға рұқсат берілді

Сауд Арабиясында әйелдерге темекі тартатын күйеулерімен ажырасуға рұқсат берілді

Сауд Арабиясында әйелдерге тұрмысқа шыққан соң, күйеуінің темекі тартатынын білсе, онымен ажырасуға рұқсат берілді.

Бұл заңды жергілікті Аппеляциялық сот судьясы Ибрагим Ходейри: «Темекі зиян болғандықтан, некені бұзуға болады. Себебі, шылым шегетін адаммен бір шаңырақ астында өмір сүру мүмкін емес» деп түсіндірді.

Ал егер, әйел болашақ жарының зиянды әдетін отбасы болғанша білсе, онда сот ажырасуға рұқсат бермеді.

Некенің ұзақтығы да оны сақтап қалуға себеп болуы мүмкін. Ходейри: «Егер әйел шылым шеккіш қосағымен 20 жыл тұрса, онда некені бұзуға рұқсат етілмейді.»

Соттың сөзі ғаламтор бетінде дүрбелең тудырды. Біраз еркектер «қазының айтқанымен жүз пайыз келісем» десе, ал базбіреулері мұсылман еліндегі темекі тартатындардың көптігін меңзеп, «енді бүкіл әйел байсыз қалады» деп айыптаған.

Сауд Арабиясы темекі сатып алу бойынша әлемде төртінші орынды иеленеді. Бұл елде өзі шылым шекпесе де өзгенің темекі түтінінен дертке шалдыққан мыңдаған адам жұмыс орнында қаза табады екен.

Ресми статистика бойынша, Саудияда шамамен 6 миллион тұрғын темекі тартады. Оның 600 мыңы әйелдер, 722 мыңы жеткіншектер.

date20.07.2012readCount2949printБасып шығару





comments powered by HyperComments