«Дубайдағы Рамазан» науқаны басталды

«Дубайдағы Рамазан» науқаны басталды

Біріккен Араб әмірліктерінің астанасында «Дубайдағы Рамазан» атты науқан басталды. Ауқымды іс-шараларға эмираттың үкіметтік мекемелері мен жекеменшік компаниялар бірге атсалысуда.

Осы айда дәстүрлі «Дубай Халықаралық Қасиетті Құран» сыйлығы табысталады. Сауда орталықтарында ислам тақырыбына қатысты әндерден хор айтылады.

Рамазан кезінде балаларға да ерекше көңіл бөлінбек. «Модхеш әлемі» атты ойын-сауық орталығында исламға қатысты шаралар өтеді.

Барлық сауда орталықтары, дүкендер мен мейрамханалар түні бойы ашық тұрады. бүкіл қонақ үйлерде сәресі мен ауызашарға арналған тағам мен сусын дайын тұрады.

date20.07.2012readCount3134printБасып шығару





comments powered by HyperComments